Материалы

Бүгін қала әкімдігінің кіші залында қала әкімі Ә.Мақұлбаевтың төрағалығымен 2014-2015 жылғы жылу маусымына дайындық бойынша кеңес болып өтті.

Қала әкімі жылу маусымына дайындық жұмыстарын сапалы атқарылуын қадағалайтын шұғыл топ құрылуын тапсырды.

            2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының орындалу бойынша кеңес болып өтті. Қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру мекемесінің басшысы Г.Тасырбаева мәлімдеме жасады.

            Қала әкімі қала халқын салаутты өмір салтына насихатау жұмыстарын БАҚ арқылы жүргізу бойынша жоспар әзірлеуді тапсырды.

            3. Қала әкімі Ә.Мақұлбаевтың төрағалығымен қаланы абаттандыру және көріктендіру мәселесі бойынша кеңес болып өтті. Кеңесте қалалық құрлыс бөлімінің басшысы Е.Жүсіпов қаладағы абаттандырылатын көшелердің эскизін таныстырды.

            Қала әкімі осы сәулет нобайларын көпшілік тыңдау өткізіп ортаға салуды тапсырды.

Қала әкімінің баспасөз қызметі

© 2016 ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ АКИМАТА ГОРОДА КЕНТАУ